«Шахтер» Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турындағы кейінге шегерілген матчта «Ақсумен» кездесті. Матч Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында өтіп, 4:2 есебімен аяқталды.
Алаң иелері алғашқы таймның өзінде үш гол соғып үлгерді. «Кеншілер» сапында Тоқтар Жаңғылышбай, Роман Мұртазаев және Иван Граф мергендік танытты. Бірақ екінші таймда «Ақсу» Асланбек Кәкімов және Еркебұлан Тұңғышбаевтың голымен жауап қатты. Ал ойынның қосымша уақытында Роджер Каньяс пенальтиді сәтті орындады. Сондай-ақ кездесудің 24-минутында Эдин Рустемович, 92-минутта Евгений Задоя алаңнан қуылды.
Қазақстан Премьер-лигасы, 3-тур
«Шахтер» – «Аксу» – 4:2
«Шахтёр»: Игорь Шацкий (қ) (к) (Егор Цуприков 88) – Джордже Чосич, Александр Позняк, Иван Граф, Владимир Хозин – Стефан Букорац, Роджер Каньяс, Эдин Рустемович – Роман Мұртазаев (Тайыр Нұрсейітов 88), Тимур Чогадзе (Евгений Кобзарь 61), Тоқтар Жаңғылышбай (Абылайхан Назымханов 56);
«Ақсу»: Евгений Кучеренко (қ) – Гафуржан Суюмбаев (к), Фейт Обилор (Май Махлангу 36), Али Гаджибеков, Кайрат Жырғалбек уулу – Михаил Бакаев, Ұлар Жақсыбаев, Георгий Захаренко (Еркебұлан Тұңғышбаев 46) – Асланбек Кәкімов, Дамир Марат (Ислам Жилов 46), Мирас Тұрлыбек;
Біздің серіктес: FONBET