«Ақтөбе» «Тұранды» жеңіп, турнирлік кестеде көш бастады

13.07.2022, 04:00
Карпович шәкірттері Премьер-лигадағы үзіліске көшбасшы ретінде шықты.
«Ақтөбе» «Тұранды» жеңіп, турнирлік кестеде көш бастады

«Тұран» Қазақстан Премьер-лигасының он екінші турындағы кейінге шегерілген матчта «Ақтөбені» қабылдады. Кездесу «Түркістан Арена» стадионында өтіп, 0:2 есебімен аяқталды.

Ойынның 34-минутында Уго Видемон есеп ашты. Ал 78-минутта Сердер Сердеров матчтың нүктесін қойды.

Қазақстан Премьер-лигасы, 12-тур

«Тұран» – «Ақтөбе» – 0:2

«Тұран»: Ержан Тоқотаев (қ) – Лев Скворцов, Олжас Керімжанов (к), Қасымжан Таипов, Андрей Залеский – Абдуллай Диакате, Чиди Осучукву, Санжар Сатанов (Руслан Жанысбаев 79) – Алияр Мұхаммед (Бекзат Қабылан 46), Шохан Абзалов (Ален Айманов 53), Самир Фазли;

«Ақтөбе»: Стас Покатилов (қ) – Дмитрий Шомко, Темірлан Ерланов, Әлібек Қасым, Ескендір Қыбырай –Юрий Логвиненко (К), Артурас Жулпа (Йоахим Адукор 81), Рамазан Оразов (Виталий Балашов 64) – Уго Видемон (Жерар Гоу 87), Рожерио Шина (Максим Самородов 81), Сердер Сердеров (Арман Кеңесов 87);

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×