Милан Миланович: «Алғашқы 20-30 минутта қорғаныста дұрыс ойнасақ, жеңіске жетуге мүмкіндігіміз бар»

13.07.2022, 16:29
Жауапты матч бүгін Будапештте өтеді.
Милан Миланович: «Алғашқы 20-30 минутта қорғаныста дұрыс ойнасақ, жеңіске жетуге мүмкіндігіміз бар»

«Тобылдың» бас бапкері Милан Миланович УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Ференцварошпен» болатын қарымта матч жайлы пікір білдірді.

- Бірінші ойында Ференцварош тарапынан «тосын сый» болды ма?

– Бүгінге дейін қарсыластан «тосын сый» болған жоқ. Өткен ойыннан талдау жасап, алдағы кездесуге дайындалдық.

- «Тобылдың» келесі кезеңге өту мүмкіндігі бар ма?

- Бірінші матчта 0:0 есебімен тең аяқталды. Енді бізде екінші матч бар. Сергей Малый айтқандай, мүмкіндік 50-де 50. Шынымды айтсам, алғашқы 20-30 минутта қорғаныста дұрыс ойнасақ, жеңіске жетуге мүмкіндігіміз бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×