"Шахтерге" қай команда қарсы шығады?!

26.05.2012, 00:46
"Шахтерге" қай команда қарсы шығады?!
Маусымның 25-і күні Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне қатысатын командалардың жеребе тастау рәсімі өтеді. Қазақстан чемпионы «Шахтер» доданы екінші айналымнан бастайды.
  Маусымның 25-і күні Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне қатысатын командалардың жеребе тастау рәсімі өтеді. Қазақстан чемпионы «Шахтер» доданы екінші айналымнан бастайды. Бұл туралы «Шахтер» футбол клубының ресми сайты хабарлайды. «Шахтердың» қарсыласы атануы мүмкін барлық командалар белгілі. Енді олардың қайсысы  Қарағандыға қонақ болатынын маусым айы аяқталар тұста білетін боламыз. Екінші айналым ойындары шілденің 17-18-не, ал қарымта кездесулер 24-25-не өтеді. «Шахтердің» қарсыласы атануы мүмкін командалардың тізбегі төмендегідей:   - «Базель» (Швейцария);    - БАТЭ (Беларусь);    - «Зальцбург» (Австрия);    - «Динамо» (Загреб, Хорватия);    - «Жилина» (Словакия);    - «Партизан» (Белград, Сербия);    - «Хельсингборг» (Швеция);    - «Шериф» (Молдова);    - «Дебрецен» (Венгрия);    - «Марибор» (Словения);    - «Вентспилс» (Латвия);    - «Слован» (Либерец, Чехия);    - «Шленск» (Польша);    - ХИК (Финляндия);    - АЕЛ (Кипр);    - «Экранас» (Литва);    - «Зестафони» (Грузия). ww.shahter.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×