Шымкенттегі шудың шырғалаңы

20.03.2012, 19:09
Шымкенттегі шудың шырғалаңы
 "Астана" футбол клубының баспасөз хатшысы Дмитрий Нестеренко мен шымкенттік бір топ жанкүйерлердің "қақтығысына" байланысты "Ордабасы" футбол клубының баспасөз хатшысы, бір топ жанкүйерлері және "Қажымұқан атындағы орталық стадионның" әкімшілігі ресми мәлімдеме жасады.   ҚФФ  басшылығына                                                                    «Ордабасы» КФК  баспасөз хатшысы  Ілияс ЖОЛДАСТЫҢ   Мәлімдемесі      Футболдан премьер лига  командалары арасында  ІІ- тур ойыны Шымкенттегі «Ордабасы» (Шымкент) - «Астана» (Астана)  кездесулерінен кейін орын алған оқиғаға   байланысты   төмендегідей  мәлімдеме  жасаймын:     Ойынды кейінге қалдырғаннан кейін ашынған жергілікті жанкүйерлер «Астана» командасының пресс-атташесі  Дмитрий Нестеренконы  соққыға жықты  дегені шындыққа  жанаспайды.         Орталық стадиондағы  тәртіпті  қадағалаушы ОҚО ішкі істер  департаменті ШҚІБ бастығының орынбасары  полиция полковнигі Ж.Әлімбеков пен  Қажымұқан атындағы  орталық стадионның директоры  Қ.Өкшебаевтың  берген  мәліметіне  қарағанда,   ешқандай да  оқыс оқиға орын алмаған. Тиісті орындарға бұзақылық  жайлы өтініш  түспеген.        «Астана»  командасынның  жанкүйерлері мінген  автобус  арнайы жасақпен  қорғалып отырған.        Қазіргі таңда  Оңтүстік Қазақстан  облысында  көктемгі тасқыннан  кейін орын алған  төтенше жағдайдан  халықтың көңіл-күйі төмендеп кеткені белгілі. Бүкіл ел болып оңтүстікқазақстандықтарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасап жатқан тұста жерлестеріміздің   мұндай әрекетке  баруы  мүмкін  де емес .            «Астана»  клубының пресс-атташесі Д.Нестеренкодан  егер де  жанкүйерлер  тарапынан  қандай да  бір қолайсыздық орын алған болса   бүкіл  команда болып  кешірім  сұрауға  дайынбыз.          Азаматтық танытып қазақстан футболының болашағы үшін  түсіністікпен қарауды  өтінеміз. алаш арена
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×