Жамбыл Көкеев: "Биыл алтынға таласатын командалар көп"

20.03.2012, 19:15
Жамбыл Көкеев: "Биыл алтынға таласатын командалар көп"

 

Алтыннан үмітті клубтардың көбейгені Қазақстан біріншілігінің деңгейі сәл де болса артып келе жатыр дегенді көрсетпей ме?!

Футболдан Қазақстан құрамасы мен қарағандылық  «Шахтердің»  ойыншысы Жамбыл Көкеев  «Ақтөбемен» болған екінші тур ойынындағы кеншілердің жеңісі туралы «Алашарена» оқырмандарына өз пікірін білдірді.

- «Ертіспен» өткен алғашқы тур ойындарында біз жеңіліп қалдық. Жаңа маусымды чемпиондық тәжбен бастаған біз бұл нәтижеге әрине, қанағаттанған жоқпыз. Еліміздің 4 дүркін чемпиондарын тек жеңу керек деген ой болған. Қуанышқа орай, жігіттер тізе қосып, сол ойымызды іске асырдық. Шыны керек,  кешегі «Ақтөбе» мен осыған дейін 4 мәрте алтын алған чемпион «Ақтөбенің» арасында айырмашылық бар. Мен «Ақтөбені» еліміздегі ең мықты ұжымдардың бірі деп білемін. Бірақ, жаңа ойыншылар бір-бірінің тілін тауып, түсініп кеткенше уақыт керек. Әлі «Ақтөбенің» өз ойын өрнегін табатынына сенімдімін. Биылғы чемпионат өте қызықты басталды. Бұрынғыдай екі команда емес, қазір алтынға таласатын клубтардың қарасы көп. «Ертіс», «Ордабасы», «Астана», «Ақтөбе», «Жетісу», «Тобыл», «Шахтер».  Бұл командалардың бәрі де бас жүлдеден дәмелі. Алтыннан үмітті клубтардың көбейгені Қазақстан біріншілігінің деңгейі сәл де болса артып келе жатыр дегенді көрсетпей ме?! Иә,  алға адымдап басып келеміз деп айта алмаймын. Бірақ, меніңше өсу байқалатын сияқты. Ал, сербиялық келімсектердің көп гол соғуы қалыпты жағдай. Өйткені, олар шеберлік жағынан сәл басымдау болып келеді. Легионерлерді отандық футболшылардан бір бас биік тұрса ғана, командаға қосады ғой. Сол себепті, олардың көп гол соғуы да заңды. Сенбі күні Фабрис Муамбаның жүрегі ұстап, жасыл алаңнан тұрмай қойғанын естідім. Қазір әлем футболшылары «Болтон» ойыншысы үшін алаңдаулы. Өзі жақсы көретін  футболды ойнап жүріп, жүрегі ұстап қалған Фабрис өз ортасына аман-есен оралсын деген тілегім бар... алаш арена
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×