Сириядан сынақ аламыз

13.07.2011, 17:57
Сириядан сынақ аламыз
Футболдан Қазақстан құрамасы 10 тамызда «Астана-Арена» стадионында Сирия командасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлады Қазақстанның Футбол федерациясының баспасөз қызметінен. Мирослав Беранектің тәрбиеленушілері осы кездесумен оқу-жаттығу жиынын аяқтайды. Қазақтан мен Сирия командалары бұған дейін әр жылдары үш рет кездескен болатын. Ел құрамасының тізгінін Мирослав Беранек ұстағалы бері Қазақстан құрамасы үш ойын өткізген. Алғашқы Беларуссиямен өткен жолдастық кездесуде 1:1 нәтижесі тіркелсе, Еуро-2012 іріктеу кезеңінде сырт алаңда немістерден 4:0 есебімен ұтылып, «Астана-Аренада» Әзірбайжан құрамасынан басым түскен.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×