СЛОВАКИЯ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЭКС-ОЙЫНШЫСЫ «ҚАЙРАТҚА» КЕЛМЕК

17.01.2013, 07:57
СЛОВАКИЯ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЭКС-ОЙЫНШЫСЫ «ҚАЙРАТҚА» КЕЛМЕК
Словакиялық 29 жасар қорғаушы Любомир Михалик «Қайрат» командасына келмек. Қазір ол алматылық командамен бірге Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүр. Футболшы "Қайраттың" сапында жаттығу жиынына қатысып жүр Команда сайтының мәлімдеуінше, Михаилик бұрын Англияның «Портсмут» командасында ойнаған.  Бұл клубтың сапында 18 ойын өткізгіп, бір гол салған. »Портсмут» сапындағы жалғыз голды 2007 жылы  «Стемфорд Бриджде» «Челси» қақпасына соқты. Ал жалпы, футболшыны «Қайратқа» бапкер Владимир Вайсс шақырып отыр. Михаилик Слоавакия құрамасында 7 ойын өткізіп, екі гол салған. Михалик 2010 жылғы әлем чемпионатына қатысатын Словакия құрамасының алдын ала тізіміне енгенімен, мундиальға баратын 23 үздіктің сапына енбей қалды. Михаликтің бұрын ойнаған командалары: 2005-2006 «Сенец» Словакия 20 ойын (2 гол) 2007-2008 «Болтон» Англия 11 (1) 2007-2011 «Лидс Юнайтед» Англия 56 (2) 2010-2012 «Карлайл» Англия 68 (3) 2012-2013 «Портсмут» Англия 18 (1
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×