"Сойқандар" "соя" алмады

27.10.2014, 05:45
"Сойқандар" "соя" алмады
Жозе Моуриньо тізгіндеген "Челсидің" жеңіліссіз сериясы өз жалғасын табуда. Алғашқы турдан жайғасқан жылы бірінші орнынан әлі түспеді. Кезекті турда қонаққа "Олд Траффорд" стадионына барғантұғын. Өз алаңында "Манчестер Юнайтед" "ақсүйектерді" тізе бүкітірер деген үмітіз ақталмады. Ойын алаң қожайындарының қәуіпті қарсы шабуылымен бастады десек те болады. Ойынның төртінші минутында Виллианның қателігін пайдаланған Ди Мария оң қапталмен барып, Янузайға пас берген. "Челси" қорғаушылары Янузайды тұсай алғанымен, Феллайнидің соққысына қарсы айла таба алмады. Қонақтар үшін абырой болғанда Куртуа қырағылық танытып, қақпасын голдан аман алып қалды. Ал, 23-ші минутта ван Перси міндетті түрде гол салуы керек еді. Қақпашымен бірге-бір шығып, одан айласын асыра алмады. Бірінші тайм 0:0 есебімен аяқталды. Ал, 53-ші минутта Жозе шәкірттері Де Хеа қорғаған қақпадан саңылау тапты. Бұрыштамадан асырылған пасқа бірінші жеткен Дрогба, баспен соққы бағыттап допты торда бір-ақ тулатты. Бұл гол, маған сонау 2012 жылғы Дрогбаның Челсиды Чемпиондар Лигасының чемпиондығына жетелеген голды еске салды. Бірақ, ол кезде бұрыштама оң қанаттан орындалған болатын. Сол ғана демесеңіз, голдардың "сюжеті" ұқсас. Ары қарай ойын қызу өтті. Шындығында "Челсидің" есепті еселейтін бірнеше мүмкіндіктері болған. Бірақ, ойынның соңында сәттілік "қызыл сойқандар" жағында болды. 93-минутта Иванович алаңнан қуылса, тура бір минуттан кейін ван Перси есепті теңестіріп кетті. Ойын  қорытындысы 1:1! Әрине, кешегі эль-Классикодағы секілді ғарыштық ойын көрген жоқпыз. Дегенмен де тартысқа толы болғаны даусыз. "Челсиді" бұл тең нәтиже қуантпаса да, мұңайта қоймас. Бастысы бірінші орында, онымен қоса басты қарсыласы "Манчестер Сити" кеше ұтылды.  Ал, "қызыл сойқандар" жетінші орынға сырғыды. Жалпы, бұл нәтижеге шүкіршілік етсе де болады. Дәл осындай ойын өрнегімен "төрттіктің" ауылы алыс. Манчестер Юнайтед — Челси 1:1 (0:0) Голдар: Дрогба, 53 — 0:1, ван Перси, 94 — 1:1.
    Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×