Алмытылық "Қайрат" Конференция лигасының үшінші турында "Карабахпен" кездесті. Бакудегі Тофик Бахрамов атындағы Олимпиадалық стадионда өткен матч 2:1 есебімен әзірбайжандық клубтың пайдасына шешілді.
Ойынның 19-минутында "Қайрат" шабуылшысы Хосе Канте пенальтиді сәтті орындап, командасын алға шығарды. Бірақ 70-минутта алаңға шыққан Рамиль Шейдаев тоғыз минуттан кейін таразы басын теңестіріп кетті, ал 91-минутта Аббас Гусейнов жеңісті голдың авторы атынды.
"Карабах" бұл жеңістен кейін 7 ұпаймен Н тобында көш бастады. Құрбан Бердыев шәкірттері бір ұпаймен үшінші орында қала берді.
Біздің серіктес: FONBET