"Спартак" марапатталды

21.11.2013, 17:48
"Спартак" марапатталды
Семей қаласында жергілікті футбол клубын марапаттау рәсімі болып өтті. Өздеріңіз білетіндей, Семей қаласының «Спартак» футбол командасы биыл келер жылы премьер-лигада ойнау құқығын жеңіп алған болатын. 9-жыл күткен бұл оқиғаны тойлауға біршама жанкүйерлер жиналды. Қала әкімі Айбек Кәрімов футболшылар мен бапкерлерге медальдар табыстап, марапат қағаздарын үлестірді. Сондай-ақ бұл жиында, «Спартак» командасының құрметті президентінің есімі белгілі болды. Командаға меценаттық танытып, түрлі көмегін көрсетіп жүрген Дәулет Тұрлыханов құрметті президент атағына әбден лайық.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×