Егер Испания чемпионатын жақын арада жалғастыру туралы шешім шықса, «Барселона» маусымды жалғастырудан бас тартуы мүмкін.
Sport.es порталының ақпараты бойынша, клубтың директорлар кеңесі жақын арада аталған сұрақты қарастырады. Басшылық футболшыларды алаңға қайта оралуға мәжбүрлеуді жоспарлап отырған жоқ: клуб Ла Лиганың барлық ойыншылардың денсаулығын сақтап қалатынына күмәндануда.
Турнирге қатысудан бас тарту каталондықтар үшін экономикалық проблемалар әкеледі, бірақ клубта футболшылардың денсаулығы бірінші орында тұр деп санайды.
Біздің серіктес: FONBET