Срджан Благоевич: «Ракувпен» болатын матчта біз қорғаныс арқылы ойнаймыз»

16.07.2022, 17:34
Елордалық клуб алғашқы ойынын сырт алаңда өткізеді.
Срджан Благоевич: «Ракувпен» болатын матчта біз қорғаныс арқылы ойнаймыз»

«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич «Шахтермен» бооған ойынды (5:2) қорытындылап, журналистердің сұрақтарына жауап берді:

– Әрине, қорытынды есепке қуануым керек, бір ойында 5 гол соғу әрқашан оңай емес. Бірақ ойынға көңілім толмайтынын айтайын, әсіресе бірінші таймға. Бұл еурододада жақсы өнер көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан біз Польшада бірдеңе жасағымыз келсе, жақсылап ойлануымыз керек. Бізге тәртіп, агрессия тұрғысынан басқаша, жоғары деңгейде ойнау керек болды. Екінші таймда біз аз да болса дәл осылай ойнадық. Бірақ менің ойымша, бүгінгі ойында жеке шеберлік пен командалық ойынның арқасында жеңіске жеттік. Ал егер біз көп нәрсені қаласақ, бұдан жақсы ойнауымыз керек. Мен мұны футболшыларға үзіліс кезінде айттым. Иә, бұл сөзім жігіттерге әсер етті, бірінші және екінші тайм арасындағы айырмашылық сезілді. Әңгімелесіп, бәрін ой елегінен өткізу қажет. Бұл ойын бізге үлкен тәжірибе әкеледі деп үміттенемін.

- Жереми Манзорроның жарақаты қаншалықты ауыр?

- Ауыр жарақат емес деп үміттенемін.

- Қорғаныс шебінде көптеген мәселелер бар деп ойламайсыз ба? Милошевичтің орнына Заруцкийге мүмкіндік беру ойыңызда бар ма?

- Қорғаныста белгілі бір проблемалар бар. Поляков жарақатына байланысты бір жарым ай бойы алаңға шықпады, соңғы 7-10 күн бойы жалпы топта жаттығып, ұзақ уақыттан кейін алаңға қайта оралды, мен бұған қуаныштымын. Талғат Көсепов та қатарға қосылды. Камо Оганесянның бұлшық етінде жарақат бар және бұл біз үшін үлкен шығын, бірақ қорғаныста бәрі жақсы болады деп үміттенемін. Қақпашыларға келетін болсақ, жоғарыда айтқанымдай, мен Марко мен Сашаға сенемін. Марко қателесті ме? Иә. Ол қауіпті сәттерде дұрыс реакция жасай алмаған шығар. Сашаға мүмкіндік беріле ме? Иә. Бірақ дәл қазір қашан екенін айта алмаймын. Қайталап айтамын, мен Маркоға да, Сашаға да сенемін. Бізде Қазақстанның екі үздік қақпашысы бар.

– Клуб басшылығы Досмағамбетов және Габышевпен келісім-шарт жасасты. Шетелден ойыншылар алуды жоспарлап отырсыз ба?

– Мүмкін трансферлердің тізімі көптен бері басшылықтың алдында тұр. Қолымыздан келгенше бюджет мәселесін шешпесек, ешкімді де қатарға қоса алмаймыз. Бізде бос орын аз, ойыншылар санын азайту керек, кейбір футболшыларды жалға беру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Досмағамбетов пен Габышев бізге көмектеседі, олар осы тізімде болды және командаға үлкен күш, сапа және тәжірибе қосатынына сенімдімін. Олар Қазақстан құрамасының соңғы матчтарында жақсы ойнады, бұл ойыншылар бізге көмектеседі.

- «Тобылдың» «Ференцварошпен» бооған ойында 5 гол жіберіп алғанын көрген боларсыз. Польшада «Ракувпен» өтетін матчта қорғанысқа көп көңіл бөлесіз бе?

– Мен футболды қорғаныс пен шабуылға бөлмеймін. Егер біз шабуылда ойнағымыз келсе, қорғаныста да жақсы ойнауымыз керек. Әрине, кейде қорғаныста ойнауға тура келеді, маған командамның өз жарты алаңында жақсы өнер көрсеткені ұнайды. Бүгін ойыншыларды ұрыстым, өйткені олар қорғаныстағы ойынға мән бермеді. Жақсы қорғаныс допты басқаруға мүмкіндік береді. Кейде қарсылас ойын тізгінін өз қолдарына алып, бізді қорғануға мәжбүрлейді. Бірақ мен футбол командамның допты мүмкіндігінше көп ұстағанын қалаймын. Менің ойымша, бұл біздің қолымыздан келеді. Қорғанысқа да, шабуылға да мән беруіміз керек. «Тобыл» 1:5 есебімен жеңілді, көбісі қостанайлық клубқа қорғаныста ойнау керек еді деп айтты, бірақ олар шабуылға шығып, допқа иелік ете бастаса, бәрі осылай батыл ойнау керек дейді. Мен мұны түсінемін, бәрі нәтижеге байланысты. Біз «Ракувқа» қарсы шабуылдаушы футбол ойнап, жетістікке жетсек, мақтайсыңдар. Ал шабуылдаушы футбол ойнап, гол жіберіп алсақ, басқасын айтады. Алдағы матчта біз қорғаныс арқылы ойнаймыз, бірақ «Шахтермен» салыстырғанда әлдеқайда жоғары деңгейде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×