Стадион дайын, клуб керек

08.12.2012, 04:25
Стадион дайын, клуб керек
[caption id="attachment_12827" align="alignleft" width="269"] Жаңаөзен қаласындағы стадион[/caption]

Жаңаөзен қаласында футбол клубы бой көтеруі мүмкін деген тақырыпта осыдан біршама уақыт бұрын мақала жазғанымыз бар еді. Онда футбол төңірегінде жүрген қауесеттерге ғана сүйеніп, болашақта болып қалуы ықтимал деген болжаммен қараған болатынбыз. Аталған тақырыпты одан әрі жалғастыра кетуді жөн санап, осы жолы Жаңаөзен қаласындағы стадионның қандай жағдайда екендігін қалың жұртшылыққа көрсетпек болдық.

Суреттен өздеріңіз де көріп отырғандай әсем стадион осы өткен он жылдықтың соңында пайдалануға берілген. Шамамен 5 мың жанкүйерді бір мезетте қойнына сыйдыра алатындай көлемі бар. Керекті замануи технологиямен толықтай қамтылған десек те артық емес. Бір сөзбен айтқанда біз қарастырып отырған жаңа футбол клубының өз алаңындағы ойындарын қабылдауға барлық күші жететін спорттық ғимарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×