«Ференцвароштың» бас бапкері Станислав Черчесов УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Тобылмен» болған қарымта матч (5:1) жайлы пікір білдірді:
- Біз тек алғашқы 10 минутта ғана жақсы ойнаймыз деп емес, 90 минут бойы тұрақты түрде өнер көрсетеміз деп шықтық. Команда болып ойнағанымызға және ойыншылардың жеке шеберлігіне риза болдым. Біз одан да мықты болғымыз келеді.
Бір уақытта командада барлығын біріктіру оңай емес, бірақ сәрсенбіде біз Матс Кностер мен Ксавье Мерсьеге Адама Траорені алмастыруға мүмкіндік бердік. Андерсон Эсити сияқты ойынның ырғағына тез бейімделетін ойыншылар бар, біз Траоренің де бойынан осы қасиетті байқадық. Бізде тамаша шабуылшылар ғана емес, сонымен қатар Эндре Ботка мен Лоранд Пацка сияқты керемет қорғаушылар да бар. Мен әрқашан мықтылармен ойнаймын, бұл ойынға арналған құрам соған қарап таңдалды. Райан Ммае жақында қатарға оралуы мүмкін, мен оған болашақта сенім артатын боламын. Ең бастысы әрқашан үздік ойыншылармен жұмыс істеуді қалаймын. «Тобылмен» қарымта кездесуде барлығы өз жұмысын жақсы атқарды.
Ең алдымен болашақ қарсыластарымыздың матчтарын сараптауымыз керек. Мен бұл екі команданың тарихын естігенмін, бірақ оларды тікелей алаңда көрмеппін. Өткен күн бүгінге кері әсер етпейді деп сенемін.
Біздің серіктес: FONBET