Милан Миланович: «Ференцварош» лайықты түрде жеңіске жетті»

14.07.2022, 16:18
Қостанайлық клубтың бапкері Конференция лигасында жақсы ойнаймыз деп отыр.
Милан Миланович: «Ференцварош» лайықты түрде жеңіске жетті»

Қостанайлық ұжымның бас бапкері Милан Миланович «Ференцварошпен» өткен ойын туралы пікір білдірді:

— Алғашқы 20 минутта жинақы ойын ұйымдастыру мүмкін болмады, бұрыштама добынан соң гол кіргізіп алдық. Жігіттер босаңсып қалды. «Ференцварош» — өте мықты команда, алаңда жүйелі қимылдай біледі.

Екінші таймның 15-20 минутында біз басымдыққа ие болдық. Алайда, бір ойыншымыз алаңнан қуылып, кездесу қарқыны бәсеңдеп кетті, әйтпесе матч есебі басқалай болушы ма еді... «Ференцварош» лайықты түрде жеңіске жетті, ол — бірінші іріктеу кезеңінің ең мықты командасы.

Біз бұдан да жақсы ойын көрсете аламыз. Енді Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Линкольнға» қарсы кездесуде мұны іске асырамыз деп ойлаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×