«Тобыл» «Ференцвароштан» оңбай ұтылды

14.07.2022, 06:55
Енді қостанайлық клуб Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Гибралтар елінің өкілімен кездеседі.
«Тобыл» «Ференцвароштан» оңбай ұтылды

«Тобыл» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі жауапты матчта «Ференцварошпен» кездесті. Будапешт қаласындағы «Групама Арена» стадионында өткен кездесу 5:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 4-минутында есеп ашқан Адама Траоре көп ұзамай дубль авторы атанды. Ал 21-минутта Айсса Ляйдуни матчтағы үшінші голды соқты. Араға екі минут салып Игорь Сергеев Зоран Тошичтің пасынан кейін есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен алаңға қосалқы құрамнан шыққан Форчун Бэсси 74 және 92-минуттарда Мокин қақпасынан саңылау тапты. Ал 68-минутта ойынға қосылған «Тобыл» капитаны Серікжан Мужиков 81-минутта екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

Чемпиондар лигасынан ұшып кеткен қостанайлық клуб енді Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Гибралтар елінің өкілі - «Линкольн Ред Импс» командасымен кездеседі

Чемпиондар лигасы, бірінші іріктеу кезеңі, жауапты ойын

«Ференцварош» (Будапешт, Венгрия) – «Тобыл» – 5:1 (жалпы есеп – 5:1)

«Ференцварош»: Денеш Дибус (қ) (к) – Элдар Чивич, Аднан Ковачевич (Матс Кнустер 83), Сами Ммаэ, Хенри Уинго – Андерсон Эсити (Стьепан Лончар 75), Айсса Ляйдуни, Кристофер Захариассен (Ксавье Мерсье 83) – Адама Траоре, Токмак Нгуен (Карлос Ауски 68), Франк Боли (Форчун Бэсси 68);

«Тобыл»: Александр Мокин (қ) – Алекса Аманович, Жарко Томашевич, Сергей Малый, Бағдат Қайыров – Душан Йованчич, Асхат Тағыберген (к), Самат Жарынбетов (Серікжан Мужиков 68) – Рубен Бриджидо (Мильян Вукадинович 75), Зоран Тошич (Айбар Жақсылықов 78), Игорь Сергеев (Серж Дебле 75);

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×