Стас Покатилов: «Белгілі бір толқу бар, бірақ біз дайынбыз»

16.09.2021, 01:58
Ертең алматылық клуб еурокубоктің топтық кезеңіндегі дебюттік матчын өткізеді.
Стас Покатилов: «Белгілі бір толқу бар, бірақ біз дайынбыз»

"Қайрат" қақпашысы Стас Покатилов Конференция лигасының топтық кезеңінің бірінші турында кипрлік "Омонияға" қарсы өтетін матч туралы пікір білдірді.

- Еурокубок аясында өтетін матч қарсаңында команда өзін қалай сезінуде?

- Бізде белгілі бір толқу бар, бірақ біз дайынбыз. Бұл әр ойыншы үшін, әсіресе "Қайрат" үшін мереке - бұл еурододаның топтық кезеңіндегі алғашқы тәжірибе болғалы тұр. Біз жанкүйерлердің бұл ойынға қатысатынына қуаныштымыз. Бұл біз үшін жақсы көмек болады.

- "Ордабасымен" болған ойындағы жеңіліс командаға қалай әсер етті. Бұл ертеңгі ойынға қаншалықты әсер етеді?

- Қиын болды. Бұл чемпиондық үшін күрес тұрғысынан маңызды ойын болды. Әр матчқа ерекше көзқараспен шығу қажет. Біз бұл жеңілісті ұмытып та кеттік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×