"Атлетико Мадридтің" шабуылшысы Луис Суарес команда қатарына қосылып, қайта жаттығуға кірісті.
Мадридтік клубтың баспасөз қызметі клубтың ресми Твиттер парақшасында уругвайлық форвардың жаттығу жасап жатқан суретін жариялады.
Еске салайық Луис ұлттық құрама сапында жүргенде коронавирус жұқтырып алған болатын. Соның салдарынан 33 жасар шабуылшы Чемпиондар Лигасында "Локомотив" (0:0), "Бавария" (1:1) және Испания Чемпионатында "Барселона" (1:0) мен "Валенсияға" (1:0) қарсы матчтарды өткізіп алған еді.
Ағымдағы маусымда Суарес 9 матчқа қатысып, 5 гол соқты және 1 нәтижелі паспен көзге түскен болатын.
Біздің серіктес: FONBET