«Қайсардың» бас бапкері Сұлтан Әбілдаев «Ордабасымен» болған тартысты матчтан кейін өз ойымен бөлісті.
- Ең алдымен «Ордабасы» командасын келесі кезеңге өтуімен құттықтаймын. Матчқа тоқталатын болсақ, бастысы біз жеңілген жоқпыз. Пенальти сериясында сәттілік қонақтар жағында болды. Әрине, пенальти дегеніміз - лотерея. Сондықтан шәкірттеріме ренішіміз жоқ. «Қайсардың» күнтізбесі өте тығыз орналасқан. 11 күннің ішінде 4 ойын өткізуге тура келді. Сол себепті құрамға ротация жасадық. Бүгін клубтың 8 түлегі алаңға шықты. Сегізі де сенімді толықтай ақтады. Бұл сәтсіздікке мойынсынбай алдағы жауапты кездесулерге нық дайындықпен шығамыз.
Біздің серіктес: FONBET