«Супер классико»

20.04.2011, 21:29
«Супер классико»

1/4 финал Қарымта кездесу. “Тоттенхэм” (Англия) – “Реал” (Испания) – 0:1 (Роналду, 50-минутта); “Шальке-04” (Германия) – “Интер” (Италия) – 2:1 (Рауль Гонсалес, 45-минутта, Хеведес, 814-минутта – Мотта, 49-минутта); Жозе Моуринью баптайтын Мадридтiң “Реалы” араға жетi жыл салып, Еуропаның Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты. “Реал” футболшылары ендi финалдық жолдаманы Каталонияның “Барселонасымен” сарапқа салады. Бұл екi команданың арасындағы ойынға бүкiл әлем “эль классико” деп айдар таққаны белгiлi. Өткен аптада Мадридте бұл екi команда Испания премьер-лигасының кезектi ойынын өткiзiп, 1:1 есебiмен тең тарқасты. Ендi 21 сәуiр күнi Испанияның Валенсия қаласында “Реал” мен “Барселона” Испания кубогының финалдық кездесуiн өткiзедi. Одан кейiн Чемпиондар лигасының жартылай финалдық ойыны тағы бар. Не десек те, биылғы “эль классиконың” жөнi бөлек. Чемпиондар лигасының былтырғы жеңiмпазы Италияның “Интерi” жартылай финалға жетпей жығылды. Осыдан бiрнеше күн бұрын өз алаңында Германияның “Шальке-04” клубынан 2:5 есебiмен оңбай ұтылған “Интер” футболшылары қарымта кездесуде жарытып ойнай алмады. Бұл ойында Рауль Гонсалес бастаған “шалькелiктер” 2:1 есебiмен басым түсiп, жартылай финалдық жолдамаға оңай қол жеткiздi. Немiстер ендi жартылай финалда Англияның “Манчестер Юнайтед” клубымен кездеседi. Алғашқы ойын 27 сәуiр күнi Германия­да өтедi. “Реал” мен “Барселона” клубтары арасындағы ойын да дәл осы күнi Мадридте ойналады. 1/4 финал Қарымта кездесу. “Брага” (Португалия) – “Динамо” (Украина) – 0:0; “Твенте” (Голландия) – “Вильярреал” (Испания) – 1:3; ПСВ (Голландия) – “Бенфика” (Португалия) – 2:2; “Спартак” (Ресей) – “Порту” (Португалия) – 2:5; Жартылай финал “Брага” – “Бенфика”; “Порту” – “Вильярреал”.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×