Талғат Байсуфинов: «Біз әр ойынға жеңіске жету үшін шығамыз»

08.09.2021, 21:58
Маруаұлы қазақтың бағына біткен бапкер болды.
Талғат Байсуфинов: «Біз әр ойынға жеңіске жету үшін шығамыз»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов ӘЧ-2022 іріктеу кезеңі аясында өткен Босния және Герцеговинаға қарсы ойын туралы пікір білдірді:

– Ойын жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын. Футболда ең бастысы – голдар. Жанкүйерлер үшін жақсы ойнадық, сонымен қатар бір ұпай еншіледік. Сондықтан алға жылжуымызды тоқтатпаймыз.

– Сіздер жақсы ойнаған жоқсыздар және топта соңғы орын аласыздар деп ойлаймыз...

– Бұл сұрақ болды ма, әлде не? Егер олар мазақ қылып тұрса, мен онда мына жерден кетейін...

– Босния және Герцеговина топта нешінші орынға тұрақтайды?

– Сұрағыңыздың мағынасын енді түсіне бастағандаймын. Мен қандай орын алатынын айта алмаймын, тек құрамаларыңызды біз ойнаған басқа құрамалармен салыстыра аламын. Екінші орын үшін топта өте тартысты күрес болады деп айтуға болады. Тобымызға кілең мықтылар жиналған. Үйрену, прогресс және өсу үшін бұл ойындар біз үшін өте пайдалы. Екінші орынға кім ие болатынын болжау қиын.

– Босниядан белсенді ойын күттіңіз бе? Біздің командадан өз алаңдарыңызда қандай ойын күтесіз?

– Босния алғашқы 45 минутта бізден айтарлықтай басым болды. Басқа матчтарда прессингтен шыға алсақ, бұл ойынның бірінші таймында олай болмады. Екінші таймда допқа иелік ете бастадық. Қарсылас бізге доппен ойнауға көбірек кеңістік берді. Босния – өте мықты команда, жоғары деңгейде ойнайтын көшбасшылары бар. Бұл команданың әлеуеті өте жоғары. 

Үйдегі матчқа келетін болсақ, біз әр ойынға жеңіске жету үшін шығамыз.. Біз үшін ең бастысы – ойынды тұрақтандыру. Егер біз өз философиямызды ұстанатын болсақ – допты белсенді тиімді позицияда алға жылжыту, артқа қажетсіз қозғалыстар жасамау... Қазірдің өзінде бес ойын өткіздік және осы тұрғыда қандай да бір тұрақтылыққа қол жеткізудеміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×