"Чайка" клубының 23 жастағы жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов пен армениялық "Лоридің" 26 жастағы қорғаушысы Тимур Рудосельский Қазақстан құрамасына шақырту алды.
Рамазан Оразов бұған дейін Қазақстанның жастар мен жасөспірімдер құрамасында ойнаған. Осы маусымда Рамазан "Чайка" үшін ФНЛ-де 10 матч өткізді.
"Мен өз елімнің ұлттық құрамасына шақырту алғаныма өте ризамын. Мен үшін туған елім - Қазақстанның намысын қорғау үлкен мақтаныш. Мен бар күшімді саламын", - деді Оразов.
Рудосельский өткен жазда "Лориге" қосылды. Қорғаушы армениялық клубтың негізгі ойыншысы болып табылады және осы маусымда 12 матч өткізді.
Одан бөлек қостанайлық "Тобылдың" қақпашысы Адександр Мокин мен жартылай қорғаушылар Азат Нұрғалиев, Серікжан Мұжықов та ұлттық құрамаға шақырту алды.
Мокин Суперкубок аясында өткен екі матчқа да қатысып, пенальти сериясында ерлігімен көзге түсті. Үш ойыншы да "Тобылға" Қазақстан Суперкубогін жеңіп алуға көмектесті. Нұрғалиев "Қайрат" пен "Астанаға" қарсы екі ойын өткізді. Мұжықовқа келер болсақ, ол екі кездесуде бір гол соқты және бір нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET