
Қазақстандық танымал маман Асқар Қожабергенов биылғы Қазақстан премьер-лигасында ойыны озық клуб жайлы пікірімен бөлісті.
«Тұран» мен «Оқжетпес» маусымды жақсы бастады. Түркістандық клуб сапында тәжірибелі ойыншылар көп. Бірақ, бұл жерде ең бастысы бапкердің еңбегі. Олар «Астанаға» қарсы керемет ойнады. Тіпті, екінші таймда толықтай басым болды», - деді А. Қожабергенов.
Айта кетейік, түркістандық ұжым Виталий Жуковскийдің жаттықтыруымен ҚПЛ-2025-те өте сәтті өнер көрсетуде. «Тұран» 5-турдан кейін 7 ұпаймен 6-сатыға жайғасқан. Сондай-ақ, біз осыған дейін «Ислочь» клубының спорттық директоры Александр Быченоктың да Жуковскийдің бапкерлігі жайлы айтқан жылы пікірін келтірген едік. Естеріңізде болса, Беларусь маманы былтыр «Атыраумен» нәтижелі ойнап, Қазақстан Кубогінің финалына шыққан болатын.
Біздің серіктес: FONBET