Қазақстандық танымал бапкер Асқар Қожабергенов ҚПЛ-дің бірінші айналымын қортындылап, басты факторды атады.
«Қазақстан біріншілігінің бірінші бөлігіндегі ең жағымды сәт - жас Дастан Сәтпаевтың жарқын ойыны. Оның жасы небары 16-да болғанына қарамастан есті футбол паш етіп, нәтижелілігімен көзге түсуде. Мергендігінен бөлек, голдық пастарымен де еркекшеленіп отыр. Дастан ересектер футболына өте оңай бейімделіп кетті. Бірақ, соңғы ойындарда қарқынын сәл бәсеңдетіп алғаны байқалады. Бұл түсінікті жайт, себебі, ересек деңгейдегі бірінші жылда үнемі тұрақты ойнау өте күрделі. Әйтсе де, оның аяқ-алысы мені таңқалдырды», - деді А. Қожабергенов «Sports.kz» порталына.
Дастан Сәтпаев ҚПЛ-2025-те 15 матчта 8 гол мен 4 ассисттің авторы атанды. «Қайрат» келесі турда түркістанның «Тұранын» қабылдайды.