Қостанайлық "Тобыл" Премьер-лиганың 11-турында "Таразбен" ұпай бөлісті. Матч Сегізбаев атындағы стадионда өтіп, 0-0 есебімен аяқталды.
Командалар қанша тырысқанымен, гол соға алмады. "Тараз" алдыңғы турда "Каспийді" 2-0 есебімен жеңген еді. Ал "Тобыл" "Оқжетпесті" минималды есеппен жеңді.
Кезекті ұпайына қол жеткізген "Тараз" турнирлік кестеде 11 ұпаймен сегізінші орынға тұрақтады. Ал Қостанайлық ұжым 17 ұпаймен төртінші орында тұр.