«Тараз» команда көшбасшысымен келісім-шартты ұзартты

15.01.2022, 16:26
Футболшыға бірнеше клубтан ұсыныс түсті.
«Тараз» команда көшбасшысымен келісім-шартты ұзартты

«Тараз» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтанамен келісім-шартты ұзартқанын хабарлады.

Футболшы өткен маусымды сәтті өткізіп, Қазақстан құрамасына қайта оралды. Жамбылдық клуб жейдесінде 31 матчқа қатысып, 7 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды.

Күні кеше Бауыржанға бірнеше клубтан ұсыныс түскені хабарланған еді. Бірақ футболшының өзі тек «Қайратқа» ауысу нұсқасын қарастыруға дайын болды.

Бауыржан «Тараздан» бөлек, «Қайрат», «Ақтөбе», «Атырау», «Тобыл» және «Шахтер» командаларында доп тепкен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×