«Тараз» көшбасшы футболшылармен қоштасуы мүмкін

23.06.2022, 19:00
Жамбылдық клубтың қарызы 700 миллион теңгеге жуықтады.
«Тараз» көшбасшы футболшылармен қоштасуы мүмкін

«Тараз» клубының футболшылар мен жаттықтырушылар алдындағы қарызы 700 миллион теңгеге жуықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл қарыз негізінен бұрынғы басшылардың кезінде жинақталған. Жаңадан келген басшылар 350 миллион теңгеге жуық қарызды өтеген.

Қаржылық жағдайы анағұрлым жақсы клубтар осы жағдайды пайдалануы мүмкін. Нақтырақ айтқанда, «Тараздың» көшбасшы футболшылары – Бауыржан Байтан, Мұхаммеджан Сейсен, Елдос Ахметов және басқа да ойыншыларды қатарына қосуға тырысады. Шабуыл шебін күшейтуді көздеген «Ақтөбе» Байтананың агентімен келіссөздер жүргізуде.

13 турдан кейін жамбылдық клуб қосымша көрсеткіштер бойынша «Тобылды» артқа тастап, турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×