«Тобыл» ресейлік қақпашымен толықпақ

23.06.2022 13:41 ҚПЛ

Қақпашы соңғы үш маусым бойы «Спартактың» намысын қорғады.

«Тобыл» ресейлік қақпашымен толықпақ

Мәскеулік «Спартактың» бұрынғы қақпашысы Тимур Акмурзин мансабын «Тобылда» жалғастырады, деп хабарлайды Metaratings.ru.

Жақын күндері 24 жастағы қақпашы 2021 жылғы Қазақстан чемпионы атанған қостанайлық командамен келісім-шартқа отыруы тиіс.

Ақмурзин «Спартакқа» 2019 жылы ауысты. Ол ФНЛ-де үш маусым бойы қосалқы команданың намысын қорғады. Кезінде Ресейдің жастар құрамасына шақырту алған.

Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Тобыл» венгриялық «Ференцварошқа» қарсы ойнайды. Алғашқы ойын 6 шілдеде Қостанайда, қарымта матч 13 шілдеде Будапештте өтеді.

Еске салайық, бұған дейін «Тобыл» Қазақстан құрамасының қақпашысы Дмитрий Непогодовпен келісім-шартты мерзімінен бұрын үзген болатын.

0 пікір