«Аякс» жаңа бапкер тағайындады

23.06.2022, 17:41
Амстердамдық клуб отандық маманға сенім артуды жөн көрді.
«Аякс» жаңа бапкер тағайындады

«Аякстың» жаңа бас бапкері болып бельгиялық «Брюгге» командасын жаттықтырған 49 жастағы голландиялық маман Альфред Шредер тағайындалды. Бұл туралы амстердамдық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар 2024 жылға дейін есептелген келісім-шартқа қол қойды. Шредер «Манчестер Юнайтедке» кеткен Эрик тен Хагтың орнын басты.

Альфред бұған дейін «Твенте», «Хоффенхайм» клубтарында жұмыс істеген. Осы жылдың қаңтар айынан бері «Брюгге» клубында 19 матч өткізіп үлгерді (14 жеңіс, 3 тең ​​ойын, 2 жеңіліс).

Шредер кезінде «Аякстың» жаттықтырушылар штабында тен Хагтың көмекшісі ретінде қызмет етті. Қос маманның жетекшілігімен клуб Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейіе жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×