Диего Марадонаны емдеген дәрігерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

23.06.2022, 16:26
Оның өліміне қатысты 8 адам айыпталып отыр.
Диего Марадонаны емдеген дәрігерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Аты аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадонаның сегіз дәрігері кісі өлтірді деген айыппен сот алдында жауап береді.

236 беттен тұратын құжатта судья қайғылы нәтижеге әкеліп соқтырған және ықпал еткен айыпталушылардың әрқайсысының мінез-құлқына күмән келтірді. Шешімде Марадонаға күтім жасаған дәрігерлер, медбикелер және психологты қоса алғанда, сегіз адамға «жалпы кісі өлтіру» бойынша айып тағылғаны атап өтілді.

Марадонаның өлімін тексеру үшін тағайындалған комиссия футбол жұлдызының медициналық командасы «нашар жұмыс істеді» деген қорытындыға келді. Өз кезегінде айыпталушылар Марадонаның өлімі үшін жауапкершіліктен бас тартты.

Аргентинада мұндай сипаттағы қылмыс жасаған адам 8 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×