![«Тараз» қазақстандық қорғаушымен мәміле жасасты](https://aladop.kz/cache/imagine/1200/uploads/post_items/2022/07/20/d140913b03c6e9cd06d3330db5ea7339.jpg)
«Тараз» 25 жастағы қазақстандық қорғаушы Қуаныш Қалмұратовпен келісім-шарт жасасқанын хабарлады.
Қуаныш - Атырау футбол мектебінің түлегі. Мансабын 2013 жылы «Атырау» командасының жастар құрамында бастаған. 2014 жылы «Астана - 1964» сапында ойнап, бір жылдан соң «Атырау» қатарына қайта оралды. Сонымен қатар әр жылдары «Қайсар» және «Тұран» жейдесінде де өнер көрсетті.
Кезінде футболшы Қазақстан (2016-2018) жастар құрамасына шақыртылған
Біздің серіктес: FONBET