«Тараз» серб маманын таңдады

23.12.2011, 12:13
«Тараз» серб маманын таңдады
Талай талантты футболшы қанат қаққан Тараз өңірінің командасы да маусымаралық үзілісте бапкер мәселесін шешіп алды. «Тараз» ұжымын енді серб маманы Любомир Петрович баптайтын болады. Бұл бапкердің есімі футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол 1990-91 маусымында Белградтың «Црвена Звезда» командасының сапында ойнап, Еуропа чемпиондары кубогын (Қазіргі Чемпиондар лигасы) ұтып алған болатын. Кейінірек бапкерлікке ден қойған Любомир «Осиек» (Хорватия), «Црвена Звезда» (Сербия), «Спартак» (Субботица, Венгрия), «Войводина» (Сербия), «Кроация» (Хорватия), (ПАОК» (Грекия), «Эспаньол» (Испания), «Олимпиакос» (Грекия), «Литекс» (Болгария), «Шанхай Шеньхуа», «Бейцзин Гоань» (Қытай) т.б клубтарда қызмет етті. Ол сондай-ақ бұрынғы Югославияның жастар және жасөспірімдер құрамасын да жаттықтырды. Есімі көпке мәлім маманның қазақ жеріндегі қадамы қандай боларын уақыт көрсетеді. айқын
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×