Оқу-жаттығу жиындары барысында «Тараз» кезекті рет жолдастық матч өткізді. Бұл жолы Азия чемпиондар лигасы матчтарына дайындалып жатқан Тәжікстан чемпионатының жеңімпазы Душанбе қаласының «Истиклол» командасымен кездесті.
Матчтың бірінші таймында іс жүзінде байқап көру үшін «Тараз» жастарды алаңға шығарды. Ойын басында қарсылас команда қорғаныстағы қателікті қалт жібермей есеп ашты. Жамбылдықтар жылдам ес жиып, бірқатар шабуылдар ұйымдастыра алды. Шабуылдардың бірінде бұрыштама орын алып, әуедегі допқа бірінші жеткен Берік Айтбаев таразы басын теңестірді.
Екінші таймда «Тараз» бапкерлері негізгі құрам ойыншылары болуы мүмкін деген футболшыларды алаңға шығарды. Алайда қақпаны жергілікті жас ойыншы Станислав Щербаков қорғады.
Алма-кезек шабуылдардың бірінде ойын ережесі бұзылып, «Тараз» қақпасына белгіленген 11 метрлік айып добын сәтті орындаған «Истиклол» футболшысы Рустем Соиров тәжік командасын алға шығарды. Дегенмен, матчтың 82 минутында Обилор мен Коджаның жақсы ұйымдастырған шабуылы нәтижесінде Педро Эуженио ұрымтал тұсты пайдаға жарата алды. Қорытынды есеп 2:2
«Тараз» КФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET