Тео Уолкотт : "Арсенал" тарихындағы ең мықты шабуылшылар біздің команда сапында

21.01.2015, 05:30
Тео Уолкотт : "Арсенал" тарихындағы ең мықты шабуылшылар біздің команда сапында
Лондондық «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Тео Уолкотт команда сапына жиналған шабуылшыларды Анри мен Бергкамп дәуіріндегі шабуылшылардан адуындырақ екенін мәлімдеді.   «Арсеналдың» өткен жексенбідегі «Манчестер Ситиді» 0-2 есебімен жеңгенінен шабыттанса керек, 25 жасар  ағылшын өткен жылғы Лига Кубогына қосымша тағы бір маңызды жеңіске жетуге де дәмелі екенін  жасырмады. "Мен «Арсенал» сапына жаңадан  келгенде  Робер Пирес,  Фредди Юнгберг, Бергкамп, Тьерри Анри  және Хосе Антонио Рейес шабуыл шебінің ойыншылары болатын, олар да керемет шабуылшылар . Менің ойымша біздің қазіргі шабуылшыларымыздың адуындырақ екенін дәлелдеу үшін бізге жеңіс қажет, маңызды, үлкен жеңіс қажет". "Англия Кубогынан маңыздырақ жарыста жеңімпаз атансақ, командамыздың шабуылшыларын «Арсенал» тарихындағы ең мықты шабуылшылар деп ауыз толтыра айта аламыз", - деді  Уолкотт Arsenal Player-ге берген сұхбатында.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×