Виктор Вальдес алғашқы ойынын "студенттерге" қарсы болатын кездесуде ойнайды

21.01.2015, 03:31
Виктор Вальдес алғашқы ойынын "студенттерге" қарсы болатын кездесуде ойнайды
Жарақатынан айыққан Виктор Вальдес «Манчестер Юнайтед»сапында алғашқы ойынын жұма күні  Англия Кубогы аясында «Кембридж Таунға» қарсы өткізеді.  Англия Кубогының 4-раундының ойынында «студенттер» өз  алаңында  «қызыл сойқандарды»  қабылдайды. Естеріңізге сала кетейік, Виктор Вальдес «қызыл сойқандармен» 18 айға келісімшарт жасаған болатын.  Луи Ван Гаал осы маусымда керемет ойын өрнегін көрсетіп жүрген Де Хеаның алмастырушысы ретінде Вальдесті көретінін  The  Telegraph  тілшілеріне айтқан болатын. The Telegraph ақпаратына сенсек, Ван Гаал бапкер Вальдесті тұрақты түрде алаңға шығаруды ұйғарған. Оған себеп, Де Хеа кенеттен жарақат алып қалса, ойын тәжірибиесі бар Вальдес  тастүйін дайын болу керек. Виктор Вальдес  ең соңғы рет алаңға өткен жылдың наурызында шыққан болатын. Жарақатынан айығуға «Манкуниандықтардың» жаңа бапкері Ван Гаал рұқсат беріп, кейіннен келісімшартқа да отырған болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×