Тимур Досмағамбетов: «Біз тек жеңіске жетуді мақсат тұтамыз»

04.09.2020, 01:31
Досмағамбетов жарақат алып қалған Шомконың орнына шақырылған болатын.
Тимур Досмағамбетов: «Біз тек жеңіске жетуді мақсат тұтамыз»

Қазақстандық жартылай қорғаушы Тимур Досмағамбетов «Ордабасының» сәтсіз ойындары мен Ұлттар лигасына дайындық туралы айтты.

- Ойынға дайынсыз ба?

- Өзімді жақсы сезінемін. Құдайға шүкір, жарақатым жоқ!

- «Ордабасының» соңғы ойындары не үшін сәтсіз өтті деп ойлайсыз?

- Сізбен келісемін. Соңғы екі ойын біз үшін сәтсіз болды. Әсіресе Еуропа лигасындағы жеңіліске қатты өкінемін. «Ботошаниге» қарсы ойында бізге сәттілік жетіспеді. Доп қақпаға кірмей қойды. Бірақ бұл футбол. Ең жақсы ойнайтын команданың өзі әрдайым жеңе бермейді!

- Қазір ұлттық құрама сапында жүрсіз. Жаттығу процесі, алдағы ойындарға дайындық барысы қалай жүріп жатыр?

- Ұлттық құраманың ойындарына дайындық әдеттегідей жүріп жатыр. Алаңдағы жаттығудан бөлек, теориялық сабақтар да өткізіледі. Барлығы жақсы жұмыс істеп, алдағы матчтарға тыңғылықты дайындалып жатыр. Біз тек жеңіске жетуді мақсат тұтамыз. Екінші кездесуді өз алаңымызда өткіземіз, бірақ, өкінішке орай, ойын жанкүйерсіз өтеді. Бүкіл әлемдегі жағдай осылай болып жатыр. Ең маңыздысы - адамдардың денсаулығы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×