«Тобыл» допинг дауынан кейін болгариялық жаттықтырушымен қош айтысты

10.09.2021, 23:38
Қайтадан Стойловпен бірге жұмыс істеуі мүмкін.
«Тобыл» допинг дауынан кейін болгариялық жаттықтырушымен қош айтысты

«Тобылдың» жаттықтырушысы Валиуллиннің допинг сынағы оң нәтиже көрсеткеннен кейін клубтан кетіп қалды. Бұл туралы инсайдер Владимир Жарков хабарлады.

«Қазақстан құрамасы мен «Тобыл» ойыншысы Руслан Валиуллиннен допинг табылған соң, қостанайлық клубтың шетелдік фитнес жаттықтырушысы Саид Ибраимов қызметінен ғана емес, Қазақстаннан да тез арада кетіп қалды. Біртүрлі кездейсоқтық емес пе, қалай ойлайсыз? Мүмкін, біздің футбол билігінің чемпионат көшбасшысы қатарында ұжымдық тексеру ұйымдастыратын кезі келген шығар?» - деп жазылған хабарламада.

Дереккөздің мәліметі бойынша, бұрын Станимир Стойловпен бірге «Астанада» жұмыс жасаған Саид Ибраимов «Левски» клубына баруы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×