«Тобыл» клубының қорғаушысы «Пюникке» ауысты

17.01.2021, 21:33
Оганесян өткен маусымда Бабаянның сеніміне кіре алмады.
«Тобыл» клубының қорғаушысы «Пюникке» ауысты

"Тобыл" командасының 27 жастағы армениялық қорғаушысы Арман Оганесян "Пюникке" қайта оралды, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Арман Оганесян "Тобылға" өткен маусым басталмай тұрып қосылды. Ол қостанайлық клуб сапында тек 3 матч өткізіп, бір сары қағаз алды.

Оганесян өзінің мансабын 2010 жылы "Пюникте" бастаған. Одан кейін "Алашкерт", "Ширак", "Арарат-Армения" және "Гандзасар" клубтарында, сондай-ақ украиналық "Звезда" клубтарында өнер көрсетті.

Еске салайық, "Тобыл" өткен маусымда чеммионатты екінші орынмен аяқтады. Қостанайлық клуб алдағы маусымда УЕФА-ның жаңа турнирі - Конференция лигасында бақ сынайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×