Қазақстан құрамасының қақпашысы Дмитрий Непогодов «Тобылдан» кетті, деп хабарлайды қостанайлық клубтың баспасөз қызметі.
Келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылған.
34 жастағы қақпашы Қазақстандағы мансабын 2017 жылдың қысында дәл осы «Тобылда» бастады. Непогодов қостанайлық клуб жейдесінде 68 кездесу өткізді.
Дмитртй ҚПЛ-да «Ордабасы» мен «Астананың» да намысын қорғаған. 2018-2020 жылдар аралығында Қазақстан құрамасы сапында 13 ойын өткізді.
Еске салайық, бұған дейін «Тобыл» қазақстандық қорғаушы Дмитрий Мирошниченконың клубтан кеткенін хабарлаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET