Англия мен Италия антирекордтарын қайталады

15.06.2022, 14:53
Қос команда да кеше оңбай ұтылды.
Англия мен Италия антирекордтарын қайталады

УЕФА Ұлттар лигасының төртінші турындағы ойында Англия құрамасы өз алаңында Венгрияны қабылдады. Вулверхэмптон қаласындағы (Англия) «Молинью» стадионында өткен кездесу 4:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Англия соңғы 94 жылда алғаш рет өз алаңында ең ірі жеңіліске ұшырады. Ағылшындар соңғы рет 1928 жылы Лондондағы «Уэмбли» стадионында Шотландиядан 5:1 есебімен жеңілген болатын.

Венгрия құрамасы 7 ұпай жинап, өз тобында бірінші орынға көтерілді. Англия (2 ұпай) төртінші орында қалды.

Параллель өткен матчта Италия құрамасы Германиядан 2:5 есебімен ұтылды.

Football Italia басылымының мәліметінше, Скуадра Адзурра 1957 жылдан бері алғаш рет қарсыластарына 5 гол соғуға мүмкіндік берді. Ол кезде Италия Орталық Еуропа кубогінде Венгриядан 1:6 есебімен жеңілген екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×