«Тобыл» қазақстандық қақпашыны керек қылмады

15.06.2022, 18:03
Қақпашы қостанайлық клубқа осы маусымның басында қосылған еді.
«Тобыл» қазақстандық қақпашыны керек қылмады

Қазақстан құрамасының қақпашысы Дмитрий Непогодов «Тобылдан» кетті, деп хабарлайды қостанайлық клубтың баспасөз қызметі.

Келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылған.

34 жастағы қақпашы Қазақстандағы мансабын 2017 жылдың қысында дәл осы «Тобылда» бастады. Непогодов қостанайлық клуб жейдесінде 68 кездесу өткізді.

Дмитртй ҚПЛ-да «Ордабасы» мен «Астананың» да намысын қорғаған. 2018-2020 жылдар аралығында Қазақстан құрамасы сапында 13 ойын өткізді.

Еске салайық, бұған дейін «Тобыл» қазақстандық қорғаушы Дмитрий Мирошниченконың клубтан кеткенін хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×