Григорий Бабаян ЦСКА-дан кетті

15.06.2022, 18:25
Бабаян өткен жылдың жазынан бері мәскеулік клубты жаттықтырды.
Григорий Бабаян ЦСКА-дан кетті

Мәскеулік ЦСКА Алексей Березуцкий бастаған жаттықтырушылар штабының клубтан кеткенін хабарлады.

Алексей Березуцкий өткен жылдың шілдесінен бері ЦСКА-ның бас бапкері ретінде қызмет етті. Оның басшылығымен мәскеулік клуб өткен маусымда бесінші орынға ие болды.

Сонымен қатар, оның екі көмекшісі Василий Березуцкий мен Григорий Бабаян да өз орындарын босатты.

Григорий Бабаян – 2008-2014 жылдар аралығында Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабының мүшесі болды, одан кейін «Астана» және «Тобыл» командаларында бапкер жұмыс істеді.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов ЦСКА сапында өнер көрсетеді. Оның клубпен келісім-шарты 2025 жылдың маусымына дейін есептелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×