Бүгін қазақстандық клубтардың Конференция лигасындағы қарсыластары анықталады

15.06.2022, 18:40
Қазақстанның үш командасы да турнирді екінші кезеңнен бастайды.
Бүгін қазақстандық клубтардың Конференция лигасындағы қарсыластары анықталады

Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де Ньон қаласында Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінe арналған жеребе тарту рәсімі өтеді.

Айта кетейік, бұл турнирде Қазақстанның атынан Астана, Қайрат және Қызыл-Жар клубтары өнер көрсетеді.

«Астананың» ықтимал қарсыластары:  АИК (Швеция), «Валмиера» (Латвия), «Викинг» (Норвегия), «Ракув» (Польша), «Паневежис» (Литва) / «Милсами» (Молдова) жұбының жеңімпазы.

«Қайраттың» ықтимал қарсыластары:  «Коньяспор» (Түркия), «Зиря» (Әзербайжан), «Арарат-Армения» (Армения), «Кишварда» (Венгрия), «Влазния» (Албания).

«Қызыл-Жардың» ықтимал қарсыластары: «Янг Бойз» (Швейцария), «Флора» (Эстония) / «Сейняйоки» (Финляндия) жұбының жеңімпазы, «Рапид» (Вена, Австрия), «Осиек» (Хорватия), «Олимпия» (Любляна, Словения) / «Дифферданж 03» (Люксембург) жұбының жеңімпазы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×