Әлем чемпионатына қатысатын барлық команда анықталды

15.06.2022, 14:19
Соңғы жолдамаларды қос құрлықтың өкілдері иеленді.
Әлем чемпионатына қатысатын барлық команда анықталды

Кеше, 14 маусымда 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысатын барлық командалар анықталды. Құрлықаралық бәсекеде Аустралия Перуден басым түссе, Коста-Рика Жаңа Зеландиядан айласын асырды.

Топтық кезеңге арналған жеребе нәтижесі:

А тобы: Эквадор, Сенегал, Нидерланды, Катар

В тобы: Англия, Иран, АҚШ, Уэльс

С тобы: Аргентина, Сауд Арабиясы, Мексика, Польша

D тобы: Франция, Аустралия, Дания, Тунис

E тобы: Испания, Коста-Рика, Германия, Жапония

F тобы: Бельгия, Канада, Марокко, Хорватия

G тобы: Бразилия, Сербия, Швейцария, Камерун

H тобы: Португалия, Гана, Уругвай, Оңтүстік Корея

Катардағы әлем чемпионаты 2022 жылдың 21 қарашасы мен 18 желтоқсаны аралығында өтеді. Топтық кезеңдегі ойындар 21 қараша мен 2 желтоқсан аралығына жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×