«Тобыл» Руслан Валиуллиннің допинг сынамасына қатысты мәлімдеме жасады

09.09.2021, 18:10
Бұл Қазақстан құрамасының нәтижесіне әсер етпейді.
«Тобыл» Руслан Валиуллиннің допинг сынамасына қатысты мәлімдеме жасады

«Тобыл» футбол клубы Руслан Валиуллиннің допингке қарсы ережелерді бұзу ықтималдығына байланысты УЕФА тарапынан тәртіптік іс қозғалғаны туралы хабарлады. Барлық ақпарат клуб ішіндегі құзыретті мамандарға жеткізілді, қазіргі уақытта тыйым салынған заттардың футболшының қанына қалай енгенін анықтау үшін ішкі тексеру жүргізілуде.

Клубтың тағы бір футболшысы Сергей Малый мен Руслан Валиуллиннің допинг-сынамасы Конференция Лигасы 3-кезеңі аясындағы «Жилина» – «Тобыл» матчынан кейін алынды. Сынақ нәтижесі Русланның жеке поштасына 2 қыркүйекте жіберілді. Ол уақытта футболшы Қазақстан құрамасы делегациясының құрамында Финляндияға аттанған болатын. 

Клуб қазір істі мұқият зерттеу мақсатында ҚФФ заңды органдарымен үнемі байланыста екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×