Томас Мюллер: «Мен де, Боатенг те, Хуммельс те ұлттық құрамадан кеткенімізді жарияламадық»

23.11.2020, 00:48
Қазір бұл үшеуінің ұлттық құрамаға көмегі ауадай қажет.
Томас Мюллер: «Мен де, Боатенг те, Хуммельс те ұлттық құрамадан кеткенімізді жарияламадық»

«Баварияның» жартылай қорғаушысы Томас Мюллер Германия құрамасының УЕФА Ұлттар лигасындағы Испаниямен (0:6) болған матч туралы пікір білдіріп, командаға қайта оралуға дайын екенін атап өтті.

«Германия құрамасының жеңілісін көру өте ауыр тиді. Әрине, бұл сіздің командаластарыңыз үшін және сіз білетін ойыншылар үшін, сондай-ақ жанкүйерлер үшін ұят нәрсе. Өзім айтқанымдай, мен де, Боатенг те, Хуммельс те ұлттық құрамадан кететінімізді жарияламадық», - деп келтіреді Мюллердің сөзін Sky Germany.

Еске сала кетейік, 2019 жылы, Германия ұлттық құрамасының Ресейдегі әлем чемпионатындағы сәтсіздігінен бір жыл өткен соң, Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лёв енді Матс Хуммельс, Жером Боатенг пен Томас Мюллерді ұлттық құрамаға шақырмауға шешім қабылдағанын айтты. Бұл қадам ұлттық құрамаға жас ойыншыларды шақыру ниетімен байланысты болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×