Лондондық "Челси" Томас Тухельдің басшылығымен "Реал Мадридтен" басым түсіп, Чемпиондар Лигасының финалына шықты (1:1, 2:0).
Тухельдің командасы екінші жыл қатарынан осы турнирдің финалында ойнамақ. Өткен маусымда неміс маманы бастаған "Пари Сен-Жермен" Чемпиондар Лигасының финалында "Бавариядан" 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Тухель екі жыл қатарынан екі командамен финалға шыққан тарихтағы алғашқы жаттықтырушы атанды.
"Челсидің" финалдағы қарсыласы ПСЖ-ны артқа тастаған "Манчестер Сити" болады.
Айта кетейік, соңғы үш маусымда екінші рет ағылшын командалары Чемпиондар Лигасының финалында ойнайын деп тұр. 2019 жылы "Ливерпуль" финалда "Тоттенхэмді" 2:0 есебімен жеңген еді.
Жалпы, бұл тарихтағы дәл осындай үшінші финал болмақ. 2008 жылы Мәскеуде "Манчестер Юнайтед" пенальти сериясы арқылы "Челсиді" жеңіп, қалқанқұлақ кубокті бастарына көтерген болатын.
Біздің серіктес: FONBET