ТОР – 10. ЕУРОПАНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК АРЕНАЛАРЫ

02.07.2013, 14:09
ТОР – 10. ЕУРОПАНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК АРЕНАЛАРЫ
«Алаңсыз футболмайды,футболсыз алаң болмайды»-деген футболда осындай қағида бар.Әлемде ең көрікті және жанкүйер көп сиятын стадиондар қаншама.Енді Еуропадағы ең көп жанкүйерлер сиятын стадиондарға көз жүгіртсек.   2007 жылы күрделі жөндеуден өткен «Уэмбли» стадионы Еуропадағы ең ауқымды, әдемі стадиондардың бірі. Бұл стадионда футболдан басқа регби ойындары өтеді және Англия құрамасының негізгі алаңы. Стадионның тығыздығы-90 000 адам сыйады екен. Ирландияның астанасы Дублинде орналасқан «Кроук Парк» стадионы Еуропадағы ауқымды аренаның бірі әрі тығыздығы жағынан төртінші орында тұр. Бұл алаң 82 300 жанкүйерді қабылдай алады екен. 1884 жылы құрылған арена соңғы рет 2004 жылы күрделі жөндеуден өткен екен. Түркияның ең үлкен аренасы-Ататүрік стадионы 2002 жылы бой көтерген болатын. Стамбул қаласында орналасқан алаңға 80 500 адам сыйады екен. Түркия құрамасы мен Истамбул ББ командасының жергілікті алаңы болып саналады. Мультиспорттық алаң негізінде XIX Олимпиада ойындарын өткізу үшін қаланған болатын. Алайда бұл доданы Қытай мемлекеті жеңіп алған болатын. Арена 2005 жылы болған ЧЛ финалын өткізген болатын. Испанияның жанкүйерге көп толатын стадионы ол әрине «Камп Ноу». Бұлай дейтін себебіміз тығыздығы-99 354 жанкүйер сиятын Испаниядағы ең үлкен алаң. Бұл стадион «Барселонаның» жергiлiктi алаңы осы аренада ойындарын өткізеді. 1957 жылы қаланған осы стадионда 1982 жылы футболдан әлем чемпионаты, 1992 жылы жазғы Олимпияда ойындары болған. Германияның ең үлкен стадионы ол әрине-»Вестфаленштадион». Бұл аренаға кем дегенде 80 720 жанкүйер сияды екен. Бұл алаң дортмундтық «Боруссияның» жергілікті алаңы. Мына стадион 1974 жылы қаланған. 2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатының ойындарын қабылдаған болатын. Ресейдегі үлкен стадионның бірі ол Мәскеудегі «Лужники» алаңы. Бұған 84 745 адам сияды екен. «Спартак» командасының алаңы әрі Ресей құрамасының аренасы. Ал мына алаңға кем дегенде 85 454 жанкүйер сияды екен. Испаниядағы «Камп Ноудан» кейінгі стадион ол «Сантьяго Бернабеу». Бұл Мадрид қаласының жергілікті клубы «Реал Мадридтің» стадионы. Арена 1947 жылы бой көтерген. Қазірде Еуропаның ең көрікті стадиондарының бірі. Ал мына алаң болса Франциядағы ең ауқымды да көрікті стадион десекте болады. Оның негізгі атауы «Стад де Франс» деп аталады екен. Арена Париждік «ПСЖ» клубының негізгі ойнайтын алаңы әрі Франция құрамасының алаңы екен. Бұл стадионның тығыздығы-80 000 адам сияды екен. Мына аренада футболдан басқа концерттермен қөптеген шоулар өткізіледі екен. Альянц Арена-Германияның Мюнхен қаласында орналасқан футбол стадионы. 2005 жылы пайдалануға берілді. Сыйымдылығы 71 137 жанкүйер сыйады екен.. Альянц Аренаның құны 340 млн еуроны құрады. Альянц Арена УЕФА-ның 4-і санатты стадионы. Арена 2002 жылы жөндеу жұмыстарын бастап 2005 жылы аяқталған болатын. Стадион «Бавария», «Мюнхен-1860″ командаларының жәнеде футболдан Германия құрамасының жергілікті алаңы болып саналады. Алаң 2006 жылы болған ӘЧ ойындарын және де УЕФА ЧЛ-ның 2011/2012 жылғы финалын қабылдаған болатын. Англияның Манчестер қаласының жергілікті клубы «Манчестер Юнайтедтің» аренасы «Олд Траффордты» білмейтін жұртшылық жоқ шығар. Мына алаңға 76 000 адам сыйғыза білетін команда тығыздығы жағынан Англиядағы «Уэмблидан» кейінгі стадион. Бұл арена жанкүйерлермен бірге қаншама жеңісті көріп, жеңілістерге төзе білді. Қазірде бұл стадионды Англияның символы десекте болады. Енді осындай көркті де, көз тоймай қарайтын, халық тығыз жиналатын стадиондар Қазақтың байтақ даласында да бой көтерсе екен дейміз. Дайындаған: Саламат Оңалдықов. Аламан
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×