«Тоттенхэм» «Барселона» қорғаушысын қатарға қоспақ

20.05.2022, 16:09
Футболшы Хавидің жаңа маусымға арналған жоспарына енбеді.
«Тоттенхэм» «Барселона» қорғаушысын қатарға қоспақ

«Тоттенхэм Хотспур» «Барселонаның» қорғаушысы Клеман Ланглеге қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Sport.es.

Дереккөздің мәліметінше, 26 жастағы француз футболшысы каталондық клубтың бас бапкері Хавидің жаңа маусымға арналған жоспарына енбеген. Сондықтан «Тоттенхэм» жазғы трансфер терезесінде ойыншыны сатып алуға тырысады.

Лангле «Барселонада» 2018 жылдан бері ойнап келеді. 26 жастағы қорғаушы осы маусымда 26 ойынға қатысып, бір нәтижелі пас беріп, бес сары қағаз алды. Оның каталондық клубпен келісім-шарты 2026 жылдың 30 маусымында аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×